Бас тақырып
«Далада бала жата ма?»
Қарағандының полиция басқармасына қаланың оңтүстік-шығысындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде жаңа туған шақалақтың жатқанын айтып, ер адам хабарласқан.
Дереу оқиға орнына жеткен полицейлер жаңа туған нәрестені үсік шалудан аман сақтап қалды.
– Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын және баланың анасын анықтауда. Бала жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды, – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі. Аталған оқиға бойынша баланың өміріне қауіп төндіргені үшін қылмыстық іс қозғалды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.