Ресми

Қарағандыда «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді

30 мамыр сағат 17.00-де Қарағанды облысының мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында ҚР Үкіметінің қолдауымен «Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы өтеді.

Сурет Сәтбаев қаласының әкімдігінің сайтынан

Бұл шара аймақта облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Департаменті, Қарағанды облысының Әділет департаменті, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Қарағанды облысының Адвокаттар алқасы мен мемлекеттік билік органдарының қолдауымен ұйымдастырылуда.

Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Осы күні кез-келген азамат облыстың заң қоғамдастығының өкілдерінен тегін кеңестерді ала алады. Олардың қатарында адвокаттар, нотариустар, прокурор, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері бар.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button