Қарағандыда футбол әуесқойлары үшін жаңа спорт кешені ашылды
Футбол әуесқойлары үшін қыста және жазда жаттығуға арналған тағы бір алаң пайда болды. Қарағандыда NOMAD ARENA спорт кешені ашылды.
Футбол орталығы жеке инвестициялар есебінен салынған. Кешенге FIFA стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін еуропалық сапалы жасанды жабыны бар екі алаң кіреді.
Душ қабылдайтын орны бар киім ауыстыратын бөлмелер, көрермендерге арналған трибуналар, үлкен автотұрақ бар.
– Біз әлеуметтік жобаларды қолдауға, балалар үйлерінің балалары үшін, сондай-ақ Қарағанды тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар серіктес қалалар үшін де тегін турнирлер ұйымдастыруға дайынбыз, – дейді кешен директоры Даниель Шелбаев. – Жарыстарды өткізу үшін бізде барлық жағдай жасалған. Жыл бойы ойнауға болады. Қазір бізде демалыс күндері балалар командалары арасында турнирлер өтуде.
Футбол орталығының мекен-жайы: 134-ші есеп орамы, 3/5 (триатлон паркі ауданы).
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі