Қарағанды

Қарағандыда автобус жүргізушісі жол үстінде телефонмен ойын ойнап, жұмысына салғырт қараған

Қарағандыда 43-ші автобус жүргізушісі қоғамдық көлік басқарып келе жатып ұялы телефоннан ойын ойнаған. Желідегі бұл бейнеролик қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты EKaraganda-ға сілтеме жасап. 

Фото: EKaraganda-дан алынды

Жұмысына салғырт қараған жүргізуші ісі әкімшілік сотқа берілді. Белгілі болғандай, жүргізуші 27 жастағы ер адам екені анықталды. 

Бейнероликті көргендер қарағандылық жүргізушілер болашақта автобусты аяқпен басқарады десуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қарағандыдағы 53-ші автобус жүргізушісі бір қолымен көлік басқарып, екінші қолымен пісте шағып, телефонмен алаңсыз сөйлесіп отырған әрекеті көптің сынына ұшыраған болатын.

Басқа материалдар

Back to top button