Қарағандыда аурухана директоры сотталды
Бұқар Жырау ауданындағы орталық аурухана директоры алаяқтық әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
Аурухана директоры коронавируспен күрес шараларына атсалысып жатқан медицина қызметкерлерінің үстемеақысын алаяқтық жолмен алып отырған. Тексеріс нәтижелері бойынша жалпы сомасы 2 223 185 теңге ақшалай қаражатты иемденгені анықталған. Мекеме басшысы Д.Нұрмағанованың ісі Бұқар Жырау аудандық сотында қаралды. Онымен бірге шаруашылық мейірбикесі Е.Бикенова да жауапқа тартылды.
Мейірбике мекеме басшысына ковидтік үстемеақыдан өзіне ақша аударту үшін 375 000 теңге көлемінде пара берген. Сот үкімімен мекеме басшысы өмірбойы мемлекеттік қызметтен аластататылып. Және 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал, мейірбикеге 3 750 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сондай-ақ, өмірбойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.