Қарағанды

Қарағандыда атыс болды

Қарағандыда болған атыстың видеосы әлеуметтік желіге таралып кетті.

Көшедегі бейнебақылау камераларынан алынған видеодан белгілі болғандай, атыс Қарағандының Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі Тәттімбет көшесінде орын алған.

«ВАЗ 2114» автокөлігінде болған шабуылдаушылар «BMW X6» көлігіне оқ ата бастаған. Сондай-ақ, көлік тұрағынан жолға шыққанда, «ВАЗ 2114» жүргізушісі өтіп бара жатқан көлікті соғып өтіп, ізін суытпақшы болған.

Осы уақытта оқ астында қалған жол талғамайтын көлік жүргізушісі кері бұрылып, шабуылдаушыларды қуа жөнелген.

Тәртіпсіздіктер кезінде қылмыскерлерді ұстауға тырысқан полиция қызметкері жарақат алды. 27 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ол тергеуге алынды.

Басқа материалдар

Back to top button