Қарағанды

Қарағандыда қар тазалау жұмыстары қарқынды

Ауа райы құбылмалы. Толассыз жауған жауыннан Қарағанды көшелеріне қар толды. Қала көшелерін қар мен мұздан тазалау жұмыстары жалғасуда. Бүгін, 25 қарашада көше тазалау жұмыстарына 214 бірлік мамандандырылған техника мен 250-ге жуық адам жұмылдырылды, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қарағандыда қар тазалау және жол үстіне себу жұмыстары таңертеңнен басталды. Коммуналдық қызмет мамандары жол үстін аршып, құм-тұз қоспасын сеуіп, қар шығарумен тынымсыз айналысуда. 

“Сондай-ақ, жұмысшылар арнайы техниканың тазалауынан қалған үйінділерді жинап, алып тастауда. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын және өткелдерді тазалауда.

Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін сақтауға, ал тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырамыз”, – дейді қарағандылықтарға қала әкімдігінің мамандары.

Қарағанды әкімдігінің хабарлауынша, жұмыстар күшейтілген қарқында екі ауысыммен жүргізілуде. Бірінші кезекте жұмысшылар магистральдық автожолдар мен қоғамдық көлік жүретін жерді тазалауда.

Жолда кептеліс тудырмас үшін жұмысшыларды ауыстыру кешкі кептеліс сағатынан бұрын ұйымдастырылған. Дәл осы уақытта қоғамдық көліктерге және автомашиналарға кедергі келтірмеу үшін жұмыстар тоқтатылады.

Жол тазалау мәселелері бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады:

– Қазыбек би ауданының әкімі Эльдар Дүйсетаев – +7-701-990-91-34;

– Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары Мақсұт Қожанов – +7-702-592-34-07;

– Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Саят Шаймин – +7-701-543-61-11;

– Әлихан Бөкейхан аудан әкімінің орынбасары Сәтпек Әбдіқалықов – +7-701-325- 66-66.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button