Қарағандыда ағаш бұтағы құлап, бес жастағы бала көз жұмды
Қарағандының Әлихан Бөкейхан ауданында қатты жел кезінде ағаштың бұтағы құлап, бес жастағы бала көз жұмды.

Оқиға қатты жел соққан кезде болған. Сол уақытта желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жеткені хабарланды. Ағаштың бұтағы баланың үстіне құлаған. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері қажетті көмек көрсеткенімен, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Қарағанды облысының Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
«Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның себептері мен жауапты тұлғалардың бар-жоғын анықтап жатыр.
Бұл Қарағандыда жел салдарынан болған алғашқы қайғылы жағдай емес. Биыл Алматыда да ағаш құлап, 19 жастағы қыз қаза тапқан болатын. Сондықтан мамандар қатты жел кезінде ағаштар мен басқа да қауіпті нысандардың маңында жүрмеуді ескертеді.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



