Қарағанды

Қарағандыда 8 наурыз мерекесіне орай қандай мерекелік іс-шаралар өтеді?

Облыс тұрғындары үшін Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерттер, поэзия кештері мен көктемгі фотосессия өткізу жоспарлануда. Қала билігі Халықаралық әйелдер күніне арналған іс-шаралар туралы айтып берді.

Қарағандыда 7 наурыз күні «Жаңа Майқұдық» МҮ-де «Көктем шуағы» мерекелік концерті, Орталық мәдениет және демалыс саябағында көктемгі мерекелік фотосессия, қалалық кітапханаларда «Ана – бақыт, Ана – өмір, Ана – гүл» атты поэзия кештері өтеді.

8 наурызда Қарағандыда бірден үш мерекелік концерт өткізу жоспарланған. Олар «Теміржолшылар» МҮ-де «Сиынар ем Ана деген Тәңірге», «Жаңа Майқұдық» МҮ-де «Арулар ардақтылар» және «Молодежный» МҮ-де «Ән-жырымыз |Сіздерге» атты мерекелік кештер.
 Халықаралық әйелдер күнін әйелдер арасындағы волейболдан қала чемпионаты түйіндейді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button