Білім

Қарағандыда №44 мектеп ғимараты сүрілді

Ағымдағы жылдың басында қыстың қақ ортасында Қарағандыдағы №44 негізгі орта мектебі жабылып қалған болатын. 1947 жылы яғни, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары салынған мектепті арнайы құрылған комиссия апатты деп таныған.

Сурет сайт мұрағатынан

Содан бастап апатты ғимарат жаз айларында бөлшектеле бастаған. Бұрын бұл мектепте 1-9 сыныптар аралығында 260-қа жуық оқушы оқыған.

– Қазір балалар қаңтар айында ауыстырылған № 64 ЖББОМ-да оқиды. Бұрын № 44 мектепте сабақ берген мұғалімдер де сол жерде жұмыс істейді. Балалар екі ауысымда оқиды, шамадан тыс жүктеме жоқ. Оқу процесі қалыпты режимде жүреді. Жақында бөлшектеу жұмыстары аяқталады. Осыдан кейін олар жаңа мектеп салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кіріседі, – дейді білім бөлімі басшысының орынбасары Наталья Головина.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button