Ресми

«Қарағанды Жарық» айыппұл арқалады

Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Қарағанды Жарық» ЖШС-ін 4 900 000 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік  жауапкершілікке тартты.

Сурет: ашық дереккөз

– Кәсіпорын Қарағанды ​​облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің электр энергиясын жеткізу қызметі бойынша жергілікті бөлімінің мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаменті 2022 жылы «Қарағанды ​​Жарық» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның барысында заң бұзушылықтар анықталды. Компания шаруашылық жүргізуші субъектісімен электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге шарт жасаудан бас тартқан, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тексеру нәтижелері бойынша департамент осы баптың 4-бөлігі бойынша  сотқа жүгінген. Қарағанды ​​облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Қарағанды ​​Жарық» ЖШС-ін жауапкершілікке тарту және 4 900 000 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдады. Шешімнің көшірмесі тапсырылған күннен бастап 10 күн ішінде шағымдануға болатыны атап өтілген.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button