АймақҚарағанды

Қарағанды-Теміртау тас жолындағы жол апаты салдарынан 300 көлік жолда қалды

Қарағанды – Теміртау тасжолында ауа райының нашарлауына байланысты үш көлік соқтығысып қалып, 300-ге жуық көлік кептелісте тұрып қалған. 

Суреттер: облыстық ПД

– Апат салдарынан бір адам ауруханаға жеткізілді. Көліктерге зақым келді. Қазір Қарағанды – Астана тас жолы жабық. Бұл аумақта 300-ден астам көлік жиналып қалды. Айналаның көрінуі жақсарып, жол бағыты тазартылғаннан кейін жол ашылады, – деп хабарлады облыстық полиция департаменті мамандары.

Полиция облыс тұрғындарынан ауа райы болжамын қадағалауды және қолайсыз ауа райы жағдайында елдімекендерден тыс жерге шықпауды сұрайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button