Жаңалықтар

Қарағанды техникалық университетінде жаңа ректор

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне профессор, экономика ғылымдарының докторы Сәуле Саветқызы Сағынтаева Басқарма Төрағасы – Ректор болып тағайындалды. Бүгін университет қабырғасында Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп, жаңадан тағайындалған Басқарма Төрағасы таныстырылды.

Суреттер: университеттің баспасөз қызметінен

Сауле Саветқызы белгілі ғалым және педагог. Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарында, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде, оның ішінде еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында қызмет істеген тәжірибелі маман.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылым мен жоғары кәсіптік білім беру саласын дамыту жолындағы міндеттерді айқындап берген еді. Қазіргі кезеңде сол міндеттемелерді абыроймен орындауымыз қажет. Университет қызметіндегі сабақтастықты сақтап, еңбек ұжымымен жүйелі жұмысты жалғастырамыз, – деді Сәуле Саветқызы.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button