Жаңалықтар

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің кітапханасында бір миллионға жуық кітап бар

Университет кітапханасындағы кітаптардың тақырыптары әралуан. Атап айтқанда 146 мыңнан асады. Ал, жалпы саны – миллионға жуық. Олардың шамамен 80 пайызы – оқу және ғылыми-көпшілік әдебиет. Дені университет жанында қызмет ететін инновациялық технологиялар колледжінің оқушыларына, жоғары оқу орны дайындайтын докторанттарға арналғандар.

– Қазір кітап өте қымбат. Тіпті, кітаптың электрондық нұсқасы қарапайым кітаптан әлдеқайда арзан. Біз электронды кітап қорын үнемі жаңартып отырамыз. Одан бөлек, жыл сайын кафедра меңгерушілері дайындық бағыттары бойынша баспадан шығуы тиіс кітаптар тізімін ұсынады. Университетіміздің өз баспаханасы бар. Бұл жерде шығатын кітап авторларының дені – университет оқытушылары. Соның есебінен жыл сайын кітапхана қоры кемі 240 оқулыққа, оқу құралдарына және монографияларға толығып отырады, – дейді университет кітапханасының басшысы Баян Бейсембаева.

Кітапхана басшысы университет басшылығы мен ректор Марат Ибатовтың арқасында кітапхана уақыт талабына сай келетінін айтады. Цифрландыру процесін едәуір жеделдеткен заманауи сканер де бар.

– Сканерде бір жұмыс күнінде 455 беттік кітапты сканерлеуге болады, электронды кітапхана осылай қалыптасады. Қазіргі уақытта оқырмандарға интернеттен 30 мыңнан астам оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми басылымдар мен жарияланымдар, мақалалар қолжетімді. Студенттер кітапхананың кітап қорынан кез-келген қажетті ақпаратты электронды түрде ала алатын күн де жақын, – дейді Баян Омарқызы.

Биыл Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да пайдаланушыларға кітап беруді бақылау үшін Rfid-кешені сатып алынғанын айту керек.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button