Ресми

Қарағанды саябақтарында тегін Wi-Fi орнатылады

Қарағанды қаласының тұрғындары облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевпен кездесу барысында бірнеше мәселе көтерді. Ал, аймақ басшысы тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру басты міндеттерінің бірі екенін баса айтты. Осы мақсатта қаладағы саябақтарға тегін Wi-Fi желісі  орнатылатынын мәлімдеді. 

Сурет Stan.kz

Сонымен қатар, өңір басшысы өз сөзінде:

– Біздің жаһандық мақсатымыз – Қарағандыны жаяу серуендеуге ыңғайлы ету. Осы мақсатта өз ұсыныстарын білдіріп, жұмыс жасап жатқан мамандар бар. Биыл жеті алаң абаттандырылды. Қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігіндегі Сарыарқа көшесі бойындағы гүлзар абаттандырылып, ірі жобалар жасалуда. Біз оны назарда ұстаймыз. Жұмыстар әлі аяқталған жоқ. Келер жылы осы алаң қала тұрғындарының жиі жиналатын орындарының бірі болады, – деді.

Өңір басшысы қала әкіміне барлық аудандағы скверлер мен саябақтарға қысқы демалыс орындарын ұйымдастыруды тапсырды. Егер ауа-райы қолайлы болса, мұз айдынын құюды тапсырды. Алдағы уақытта аталған көшенің бойындағы саябақта мұз айдыны мен сырғанақ ашылатын болады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button