Қарағанды

Қарағанды педагогтері республиканың «Үздік педагогі» атанды

2022 жылғы республикалық «Үздік педагог» байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға еліміздің барлық өңірінің білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты. Қарағандылық мұғалімдер байқауда топ жарып, республиканың «Үздік педагогі» атанды. 

Биыл алғаш рет конкурстың барлық кезеңі ақпараттық жүйе арқылы веб-порталда жүзеге асырылды, яғни толық цифрландырылды. 

Тағы бір ерекшелігі – республикалық кезеңнің ІІ турында ұстаздар Астана қаласының мектептерінде сабақ өткізіп, өздерінің кәсіби шеберлігін көрсетті. 

Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова өңір намысын қорғаған жеңімпаз педагогтерді құттықтады.

«№1 Білім-инновация лицей-интернаты» КММ информатика пәнінің мұғалімі Нұрсұлтан Ахметов, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ математика пәнінің оқытушысы Елена Свердлова, «М.Жұмабаев атындағы гимназия» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мөлдір Альжанова республиканың «Үздік педагогі» атанды. 

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ 

 

Басқа материалдар

Back to top button