Қарағанды

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жаңа басшы

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Бақтияр Жұматайұлы Санбаев тағайындалды. Бұрын ол осы мекемеде басшының орынбасары болып қызмет атқарған.

Бақтияр Санбаев 1986 жылы Балқаш қаласында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін “Төтенше жағдайларда қорғау, тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау” мамандығы бойынша және Орталық Қазақстан академиясын “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірген.

2009 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру департаментінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істейді: бас маман, кейін бөлім басшысы, 2020 жылғы маусымнан бастап осы тағайындауға дейін басшының орынбасары қызметін атқарды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button