Бас тақырып

Қарағанды облысының балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланып қайтыс болған Әділ Омаров – 13 жаста

Аталған жағдайға дейін ақыл-есінің кемдігі диагнозымен орталықта ем алып жатқан. Аймақ басшысы Ермағамбет Бөлекпаев қайтыс болған баланың ата-анасына қайғырып көңіл айтты.

 – Қарағанды қаласында қайғылы жағдай орын алды. Салдарынан бір бала қайтыс болды. Қайтыс болған баланың ата-анасына қайғыра көңіл айтамын. Қазір бірнеше балаға дәрігерлер тарапынан көмек көрсетілуде. Қылмыстық іс қозғалды. Жағдай тергеп-тексерілуде. Осындай жағдайға жол бергендердің барлығы қатаң жазаланатын болады, – деді Ермағамбет Қабдулаұлы.

Ауруханадағы балалардың денсаулығын нығайтуға барлық күш-жігерді салып жатырмыз. Сұрақтар көп. Орталықтағы 147 бала ерекше бақылауда. Жағдайды анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. 12 қызметкер жұмыстан шеттетілді. Балалардың жағдайын басқа мекемеден келген мамандар тексеруде.

– Бұл жағдай жай қалмайды. Кінәлілер қатаң жазаланады. Тергеу амалдары орындалуда. Қазіргі міндетіміз – қалған балалардың өмірін сақтап қалу, – деді өңір басшысы.

Салтанат ІЛИЯШ,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button