Қарағанды

Қарағанды облысында пәтерде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше 1 ақпан күні сағат 21:22-де Шахтинск қаласында Молодежная көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

Сурет: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Тілсіз жау 5 қабатты тұрғын үйдің 1-ші қабатындағы пәтерде орын алған. Өрт сөндіру кезінде пәтерден көміртегі тотығынан улану белгілері бар 1966 жылы туған ер адам мен әйел адамның мәйіттері табылды.
ТЖД қызметкерлері 10 адамды эвакуациялаған. Өрт сағат 22:10-да ауыздықталды. Өрттің шығу себебі болжаммен – электр тоғының қысқа тұйықталуынан.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button