Бас тақырыпКоронавирус

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың 5 оқиғасы тіркелді

Бүгін Қарағанды облысында коронавирус жұқтырудың 5 оқиғасы тіркелді. Олардың екеуі Қарағанды, үшеуі Теміртау қаласының тұрғыны. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.  

“1994 жылы және 1999 жылы дүние келген екі әйелден коронавирус анықталды. Олар – Қарағанды қаласының тұрғындары. Вирус анықталған кезде карантиндік госпитальде болған. Сонымен қатар, Теміртау қаласында тұратын 1988 жылғы әйел адам мен 1989 жылғы ер адамның COVID-19 жұқтырғаны расталды. Олар да карантиндік госпитальде болған. Бұдан бөлек, үй карантинінде жатқан тағы бір азаматтың вирус жұқтырғаны анықталды. Ол – 1997 жылы дүниеге келген Теміртау қаласының тұрғыны”, – делінген хабарламада.

Жалпы алғанда, аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырудың 108 жағдайы тіркелді. Олардың біреуі қайтыс болып, 30 адам сырқаттан сауығып шықты.  

Басқа материалдар

Back to top button