Қарағанды

Қарағанды облысында көпқабатты үйлердегі лифтілерді жаңарту жалғасуда

Қарағанды облысының қалаларында лифт шаруашылығын жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2022 жылы Қарағанды, Теміртау және Балқаш қалаларындағы көпқабатты үйлерде 53 көтергіш орнатылды. Бұл жұмыс одан әрі де жалғасады. Облыс орталығында биыл 25 лифт ауыстыру жоспарлануда.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімдігінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл құжат халықтың сапалы қызметтерге қолжетімділігін арттыруға, желілер мен тазарту құрылыстарын жаңғыртуға бағытталған. Сондай-ақ ол тұрғын үй қорына қатысты шараларды қамтиды: қасбеттерді, шатырларды, лифттерді жөндеу, апатты және тозығы жеткен үйлерді бұзу.

– 2023 жылға арналған жоспарда облыс қалаларында халықтың сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділігін 98,8%-ға, ауылдарда – 93,7%-ға дейін жеткізу көзделген. Сумен жабдықтау желілерін салу және реконструкциялау бойынша 15 жоба көзделген. Бұдан басқа, 200-ден аз халқы бар ауылдарда суды блок-модульді тазарту кешендері орнатылатын болады, – деді энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Қайрат Бегімов.

Оның айтуынша, биыл жылумен жабдықтау саласында тоғыз жоба жоспарланған. Оларды іске асыру желілердің тозуын азайтуға мүмкіндік береді. Ал 2026 жылға дейін бұл салада 27 жоба жоспарланған.

Қарағандыда 1979 жылы салынған тазарту құрылыстарын қайта жаңарту қажет. Жоба 2024–2026 жылдарға жоспарланған. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту тұжырымдамасы сонымен қатар үйлерді жылу мен суды есепке алу құрылғыларымен қамтуды ұлғайту көзделіп отыр. 2026 жылға қарай деңгей 100% жетуі керек.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев инженерлік желілер мен жергілікті жылу көздерін техникалық тексеру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Сондай-ақ, энергия объектілерін тексеру қажеттілі туралы айтып өтті.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button