Қарағанды облысында көктемгі егіс жұмыстары аяқталады

Қарағанды облысының фермерлері көктемгі егіс науқанын жақында аяқтайды. Алаңдарда соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Биыл облыста егіс алқабы ұлғайтылды. Осылайша, Нұра ауданында биылғы жылы астық пен картопты үлкен ауқымда жинау көзделіп отыр. Өз жоспарлары туралы шаруалар облыс әкімінің ауданға жұмыс сапары барысында айтып берді.

Нұра ауданында 736 шаруа қожалығы бар. Олардың жартысы өсімдік шаруашылығымен, екінші жартысы мал шаруашылығымен айналысады. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың егістік алқабы — 264 мың га., картоп — 1 200 га, көкөніс — 188 мың га.

— 2020 жылдың басынан бері өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың тонна ет, 9,6 мың тонна сүт, 1,3 млн дана жұмыртқа өндірілді. Ірі қара мал басы 3,3%-ға, жылқы — 17,1%-ға, құс — 11%-ға артты, — деді Нұра ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марлен Оспанов.

Жеңіс Қасымбек ауданның ірі шаруа қожалықтарының фермерлерімен кездесті. Олардың бірі — «Қайнар» ЖШС, ол астық өсірумен және асыл тұқымды мал өсірумен айналысады.

— Өткен жылы климаттың қолайсыз жағдайы мен астық бағасының өсуіне байланысты облыста 29,9 мың тонна көлемінде бидайдың резервтік қоры құрылды. Онда «Қайнар» ЖШС-нің үлесі де бар. Шаруашылық 160 тонна астық жеткізді. Биылғы жылы да сол межеден көрінетіндеріңізге сенімдімін, — деді Жеңіс Махмұдұлы кездесу барысында.

Сондай-ақ, облыс әкімі «Шахтёрское» шаруа қожалығында болды. Ол еліміздегі ең алғашқылардың бірі болып нақты егіншілік элементтерін қолдану бойынша цифрлық технологияларды енгізе бастады. Бұл жерде өсімдік шаруашылығындағы нақты егін шаруашылығының пилоттық жобасы іске қосылды, ол жақсы нәтижелер көрсетті және басқа ауыл шаруашылығы құрылымдары үшін үлгі болды.

— Өткен жылы біз сіздерге отырғызылатын картоп көлемін ұлғайту жөнінде уәде берген едік. Биыл алқап аумағы 100 гектарға артық. Астық 1 200 гектардан жиналады, — деді «Шахтёрское» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Виталий Прокоп.

Жеңіс Қасымбек алқапты аралау кезінде басқа да шаруашылықтардың басшыларымен әңгімелесті. Облыс әкімін жергілікті билік тарапынан қандай мәселелердің шешімін табу қажеттілігі қызықтырды. Ал, аграршылар барлық жұмыстардың аяқталғанын, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін тапқанын мәлімдеді.