Қарағанды облысында 196 адамнан КВИ анықталған

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 1643 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 196, облыс «жасыл» аймақта. Пандемия басталғалы бері 2022 жылғы 12 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 158 431  жағдай тіркелді.

фото: Облыстық ішкі саясат басқармасы

2022 жылдың 12 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,2%-ды құрайды, яғни 727 450 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 679 875  адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,1%-ы.2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 259 165 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 54,5%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. 

Бүгінгі мәліметтер бойынша 29 574 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 60%.Инфекциядан қорғанудың бірден бір жолы COVID–19 вирусына қарсы вакцинаның толық курсын алу және ревакцинация екенін естен шығармаңыздар!