Бас тақырыпКоронавирус

Қарағанды облысында 11 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Қарағанды облысында 11 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

“Індетке шалдыққан тұлғалармен байланыста болған 10 адамнан және пневмония диагнозымен пульмонологиялық орталыққа жеткізілген 1 азаматтан коронавирус анықталды. Олар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып оқшауланды және тиісті ем  алуда. Аймақта індетке шалдыққандардың жалпы саны 76 адамға жетті. Олардың ішінде 1 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, 1 адам сырқаттан сауығып, ауруханадан шығарылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында 543 адам стационарлық карантинге, 1640 адам үй карантиніне алынған. Олардың жағдайын медицина қызметкерлері ұдайы бақылауда ұстап отыр.

Басқа материалдар

Back to top button