COVID-19: Қарағанды облысында бір тәулікте 83 адам жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус ауруының 478 жаңа жағдайы тіркелді. Қарағанды облысында жаңа ауырғандар – 83, облыс «жасыл» аймақта орналасқан. Пандемия басталғаннан бері 2022 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша COVID-19 расталған 159 831 жағдай тіркелді.

Коронавирус қарағанды
фото: ainews.kz

2022 жылдың 22 тамызында Қарағанды өңірінде бірінші компонентпен вакцинациямен қамту 71,3%-ды құрайды, яғни 728 245 адам егілді, бұл жалпы халық санының 60,1%-ын құрайды. Вакцинациялауға жататын контингенттің жалпы санының екінші компонентімен 66,6% немесе 680 627 адам егілді, бұл жалпы халық санының 56,2%-ы.

2021 жылғы 22 қарашадан бастап тек 278 553 адам ревакцинация алды – бұл оған жататын халықтың 58,6%-ы.

2022 жылғы 25 мамырдан бастап өңірде қайта ревакцинация басталды. Ағымдағы жылдың 22 тамыздағы мәліметтер бойынша 36 046 адам егілді, бұл қамтылуы тиіс тұрғындардың 73,1%.

Әлем күресіп жатқан дертті жеңудің бірден-бір жолы — екпе салдыру, вакцина ақысыз және әр қарағандылыққа қолжетімді!
Осыған байланысты халыққа дұрыс шешім қабылдап, коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан өтуді ұсынамыз, тек осы жағдайда ғана ұжымдық иммунитет үшін жағдай жасалатын болады. Егу арқылы ғана біз COVID-19-ды жеңе аламыз!