Қарағанды

Қарағанды облысы әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Ерлан Сағындықұлы Ғалиев Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен

Ерлан Ғалиев 1982 жылы Қарағандыда дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысы Әділет департаментінің жетекші маманы болып бастады, сондай-ақ осы ведомствода бас маман, бөлім бастығы болып жұмыс істеді.

 2008 жылдан 2011 жылға дейін Теміртау қаласы Әділет басқармасы бастығының орынбасары, Қарағанды облысы Абай ауданы әділет басқармасы бастығының орынбасары болды.

Содан кейін Шахтинск қаласы әкімінің кеңесшісі, қала әкімі аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.

2015 жылдан 2018 жылға дейін Атырау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөлімін басқарды.

2018 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ерлан Ғалиевтің үш жоғары білімі бар: 2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын; 2006 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін; 2012 жылы Қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық институтты бітірген.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button