Қарағанды, Балқаш, Приозерск және Қарқаралыда жәрмеңке өтеді

27, 28 сәуірде Қарағанды, Балқаш, Приозерск және Қарқаралы аудандарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді. Олар таңғы 8-ден бастап жұмыс істемек. Тұтынушылар көкөніс, жеміс, ет және сүт өнімдерін сатып ала алады.

Жәрмеңке келесі мекенжайлар бойынша өтеді:
27 сәуір. Қарағанды, «Сарыарқа» СҮ, Құрылысшылар даңғ., 35/2;
27 сәуір. Балқаш, Теміржол вокзалы алдындағы алаң, Язев к-сі, 2Е;
27 сәуір. Қарқаралы ауданы, «Қарқаралы» қонақ үйінің алдындағы алаң»;
28 Сәуір Приозерск, қалалық орталық алаң;

Айта кету керек, Приозерск қаласындағы жәрмеңкеде Жамбыл облысының Шу, Мойынқұм аудандары мен Қарағанды облысының Ақтоғай ауданынан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңкелерге шамамен 13000 адам қатысады деп жоспарлануда.