Басты тақырып

Қарағанды – қара нар

     Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясына қатысты. Мерейтой қарсаңында облыстық мәслихат депутаттарына мерейтойлық медальдар табыс етті.

Бұл күн – маңызды күн. Ел Тәуелсіздігінің нығаюына Қазақстан халқы Ас­самблеясының да қосып отырған үлесі зор, – деді аймақ бас­шысы.

Біздің облыс өзінің 80 жыл­дық тарихында бай шежіресін қалыптастырды. Қазақстанның өнеркәсіптік қара нарына айналды. Осыны сөз еткен облыс басшысы өңірдің жеткен жетіс­тіктеріне тоқталды. Сондай-ақ, Нұрмұхамбет Қана­пияұлы Мәңгілік Ел құндылықтарын, Қоғамдық келісім мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің жұмысын дәріптеу мақсатында этно-мәдени бірлестіктерге бірнеше тапсырмалар жүктеді.

Сессия соңында облыс басшысы «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медалімен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, егемендігіміз бен Тәуелсіздігіміздің нығаюына сүбелі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттады.

Қуаныш АМАНҚҰЛОВ

Суреттерді түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button