Жаңалықтар

Қарағанды қаласының ҮЕҰ жобаларын қолдайық!

    Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен ағымдағы жылдың маусым айында «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жоба» байқауы жарияланған. Республикалық деңгейдегі байқауға қатысу үшін Қарағанды қаласынан 2 әлеуметтік жобалар ұсынылды:

– мүгедек балаларға және олар тәрбиеленіп жүрген отбасыларына көмек көрсететін «Лучик Надежды» қоғамдық қайырымдылық қорының психоневрологиялық сырқаты бар мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы «Никогда не говори никогда» әлеуметтік жобасы;

– «Кредо» қоғамдық бірлестігінің стационарлық жағдайда егде жастағы тұлғаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну жайындағы «Я не одинок» әлеуметтік жобасы.

Қазіргі уақытта Министрліктің сайтында «Таңдаулы үздік жобаға дауыс бер!» айдары өзектендіріліп, онлайн дауыс беру акциясы жүргізілуде.

Құрметті қарағандылықтар!

Осы жобаларды қолдап, өзіңізге ұнаған жобаға дауыс беруге шақырамыз.

Өз дауысыңызды Министрліктің сайтындағы «Таңдаулы үздік жобаға дауыс бер!» айдарында, http://www.mzsr.gov.kz/ru/socopros сілтемесі бойынша қалдыра аласыз.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button