Бас тақырыпҚарағанды

Қарағанды қаласында жаңа мектеп ашылды

Білім күнінде Қарағандының Бауыржан Момышұлы ықшамауданында 1200 орындық  жаңа мектеп ашылды.   Ертеңнен бастап жаңа мектепте  700 шәкірт тәлім алады. Олардың ішінде 150 бала – бірінші сынып оқушылары. 

Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровтің хабарлауынша, жаңадан ашылған №103 мектеп жаратылыстану-математика бағытын тереңдетіп оқуға ден қояды. Сонымен қатар, мектеп жанынан танымдық, шығармашылық және спорттық үйірмелер ашылмақ.  

Басқа материалдар

Back to top button