Қарағанды қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары болып осыған дейін Дін жөніндегі басқарма басшысы лауазымын атқарған 46 жастағы Нұрлан Бикенов тағайындалды. Қала әкімі тиісті өкімге қол қойды.
Ресми мәліметке бойынша, тағайындау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүргізілген. Нұрлан Бикенов әкімнің орынбасары қызметінде Әлеуметтік сала блогына және ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етпек.
Нұрлан Бикенов 1973 жылы 26 ақпанда Нұра ауданында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар – биолог, тарихшы және экономист.
Еңбек жолын Нұра ауданының Куйбышев совхозында жұмысшы болып бастаған. Содан кейін Захаровка ауылының мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді.
2001 жылы Мемлекеттік қызметке орналасып, қатардағы маманнан бастап, басшы лауазымдарына дейін еңбек жолынан өтті. Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі басшысы, Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Осакаров ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған. 2016 жылдан бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы лауазымында болды.