Қарағанды

Қарағандыға Санкт-Петербургтік саяхатшы Антон Дряничкин келеді

Қарағандыға Санкт-Петербургтік саяхатшы Антон Дряничкин келіп, дәріс оқиды. Кездесу Қарағанды экологиялық мұражайында 11, 12 және 13 қараша күндері өтеді.

Антон Дряничкин 13 жылдан бері Таиландтың астанасы Бангкокта тұрады және жұмыс істейді. Оның негізгі жұмысы – тай тілінен аудармашы және туристерге гид қызметін ұсынады. Азияда көп саяхаттайды, антропологияны жақсы көреді, қарапайым адамдардың күнделікті өмірі мен дәстүрлерін зерттейді.

11 қарашадағы кездесуде Антон Дряничкин Таиландтағы Бирма босқындарының лагерлері туралы әңгімелейді. Саяхатшы көп жылдар бойы олардың өмірін зерттеп келеді.

Қазіргі уақытта Таиландта Мьянмадан келген 9 босқын лагері бар. Мұнда 37 жылдан бері 200 мың адам тұрады. Олар өз қауымдастығын, заң, сайлау, футбол чемпионаттары, жылжымайтын мүлік нарығы және тағы басқаларын құрған. Қарағандыдағы кездесуде осындай қызықты деректер айтылады. Дәрістің басталуы 18:00.

12 қарашада қарағандылықтар Антонмен бірге Ұлы Қытай қорғаны бойымен “өтеді”. 2019 жылы саяхатшы қабырға бойымен 1300 шақырым жаяу жүріп өтті, сонымен қатар Қытайдың кішкентай ауылдарының өмірімен танысты. Бұл туралы дәріс Қарағанды мұражайында 16:00-де басталады.

Ең маңызды дәріс 13 қарашада өтеді. Екі сағат ішінде қарағандылықтар Бангкоктың шынайы өміріне шомып, онымен таныса алады. Бұл ең көпұлтты қалалардың бірі, өйткені онда қытайлар мен индустар, жапондар мен корейлер, немістер мен вьетнамдықтар және басқа ұлттар тұрады. Әлемдегі ең үлкен Чайна-таун Бангкокта орналасқан. Бұл дәріс 16:00-де.

Дәріске қатысу балаларға да, ересектерге де тегін.

Басқа материалдар

Back to top button