Руханият
Қарағандыға Қалибек Қуанышбаев атындағы театр гастрольдік сапармен келеді
Қарағандыға Астанадан Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры гастрольдік сапармен келеді. Қарағандылық өнер сүйер қауымға 23 қараша күні сағат 14:00-де Оралхан Бөкейдің «Ұйқым келмейді» драмасын қояды. Ал, режиссері – Базыл Сұлтанғазы.
Сол күні сағат 20:00-де көрермендерге «Кешкі 7» спектакль-концерті ұсынылады. Режиссер – Базыл Сұлтанғазы, қоюшы-суретші – Шынар Елембаева.
Қойылымдар С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында өтеді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.