Жаңалықтар

Қарағандыға «ақылды» орындықтар қайта орнатылды

Қарағанды қаласындағы “Арбат” сауда үйінің алаңына “Smart” орындықтар қайта орнатылды.

«Ақылды» орындықтар -20 ℃ – дан 80 ℃ дейінгі аралықта ғана жұмыс істейді. Сондықтан да, оларды қыс мезгілінде алып тастаған. Күн жылынған соң, олар бұрынғы орынына қайтарылды. Құрылғыларды қуаттау үшін бірнеше күн қажет.

  • Біз 16 мамырдан бастап әйнектерді кептіріп, электрониканы баптап, орындықтарды іске қостық. Өкінішке қарай, құрылғылардың кейбір бастапқы функциялары қазір жұмыс жасамайды. Алты орындықтың тек біреуінде ғана USB қосқыштар жұмыс істейді. Сонымен қатар, вандалдар орындықтардың шынысына зақым келтірген, – деп хабарлады мәдениет, демалыс саябақтары және скверлер басқармасының маманы Айдын Жақсыбаев.

Орындықтар өткір заттар, кілттер немесе бұрағыштармен бұзылған. Оларды жөндеуге қажет жабдықтарды қаладан табуға мүмкіндік жоқ. Алдағы уақытта олар қайта жөнделеді.
Кәсіпорын қызметкерлері қала тұрғындарын болашақта коммуналдық меншікті пайдалануға барынша ұқыпты қарауға шақырады.

                                                                                                                                 Әзірлеген: Аида Рахимкулова

Басқа материалдар

Back to top button