Абай

Қарқынды дамудың қамы

    Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан болатын.

Тарих  қойнауына үңілетін болсақ, бұған дейін де осындай өзгерістерді қазақ халқы басынан кешірген. XXI ғасыр ғылым мен техниканың қарқын алып дамып жатқан кезінде бұл өзгеріс таптырмайтын құбылыс. Халқымыздың өнері мен білімі латын әліпбиіне көшу арқылы үлкен рухани белестерді бағындыратын дара жол деп білемін. Осы орайда, өзім білім беретін Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гиманзиясында да дайындық жұмыстары жүргізіліп, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері түсіндірме сағаттар, дөңгелек үстел, пікір сайыс, сынып сағаттарын өткізіп, оң өзгеріске ат салысуда. Бұл өзгеріс біздің шәкірттер үшін аса қиындық туғызбайтыны белгілі. Себебі, ағылшын тілін жетік меңгеріп жүрген балаларымыз өзгеріске оң көзқарастарын білдіруде. Мемлекет басшысының қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бастамасына баршамыз қолдау білдіргеніміз абзал. Себебі, өзіміз таңдаған, өзіміз сенім артқан Елбасының әрбір бастамасы халық үшін аса маңызды екені сөзсіз.

Г.Ағайдарова,

Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының ұстазы.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button