АймақҚарағандыРесми

Қар тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді

Кеше Қарағандыға қалың қар жауды. Үй ауласы мен көше жолдарын қар алып, жұрт қар омбылап қалды. Дегенмен, мамандар дер кезінде іске кірісіп, жолды қардан тазартты. Әсіресе, Ә.Бөкейхан ауданындағы орамішілік және автомобиль жолдарын қардан тазарту үшін бес мердігер ұйым жұмысқа жұмылдырылды.    

Сурет пен видео: Ә.Бөкейхан ауданы әкімдігінен

Ауданды қардан тазарту үшін күндізгі уақытта 60 бірлікке жуық, түнгі уақытта 50 бірлік техника жұмылдырылған. Жұмыстар тәулік бойы жүргізілген.

Айта кетейік, қардан тазарту жұмыстары тек майқұдықта емес, Пришахтинск қаласы мен Сұрыптау кентінің секторына да жүргізілді.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button