Жаңалықтар

Қар құрсауынан құтқарылды

Ақпан айы атына мініп, ақтүтек боранның біразды әбігерге салғаны бар. Осыған орай, облыстың төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қалтқысыз қызмет етуде.

Мәселен, бір тәулікте Қарағанды облысының тас жолында сексенге жуық адам құтқарылып, «жедел жәрдем» машинасы қар құрсауынан шығарылған.

Жолаушылар облыс аумағындағы ауа райының қолайсыздығы туралы sms-ескертпеге қарамастан, алыс жолға шыққан. Салдарынан бірнеше көлік қар құрсауында қалған.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлғандай, апаттық-құтқару қызметі Теміртау маңында 20 адамды эвакуациялаған. Қарқаралыдан 3 шақырым қашықтықтағы тас жолда 13 адам құтқарылды. Сондай-ақ, осы ауданның Бүркітті ауылы маңында қар құрсауынан шыға алмаған жеті автомобильден 10 адам эвакуацияланған.

Құтқарушылар Жаңаарқа ауданындағы Қызылорда-Павлодар тас жолында бұзылған «ВАЗ» автокөлігінде үсік шалуға аз қалған екі адамды тап­қан. Бұқар жырау ауданының Чкалово ауылына жақын маңда 10 машина қар құрсауында қалып, 13 адам құтқарылған.

Жалпы, құтқару қызметі жергілікті полиция қызметінің бөлімшесімен, ҚР Ұлттық гвардиясының «Орталық» өңірлік қолбасшылығындағы №52859 әскери бөлімімен бірге қар құрсауынан 73 адамды эвакуациялап, 6 азаматты құтқарды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button