АймақҚарқаралы

Қарқаралыдағы жаңа тағайындаулар

Бүгін, 22 қаңтарда Қарқаралы ауданында жауапты қызметтерге тағайындаулар болды.  

Сурет: Қарқаралы ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі парақшасынан

Қарқаралы ауданы әкімінің ауыл шаруашылығы саласы бойынша орынбасары болып Берік Тоқмурзин бекітілді.

Берік Мұқатайұлы – Қарқаралы ауданы Аппаз ауылының тумасы. Мичурин совхоз техникумын және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін тәмамдаған. Әр жылдарда Қасым Аманжолов ауылдық округінде механик-қадағалаушы, бас инженер, Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары, соңғы уақытта Қарқаралы қаласының әкімі болып қызмет жасаған.

Ал Қарқаралы ауданының Мансап орталығының директоры болып Ерслан Мұздыбай тағайындалды. Ерслан Жолдыбайұлы – Қарқаралы қаласының тумасы, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Орталық Қазақстан академиясының түлегі.

Қарқаралы ауданының зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында және «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» Қарқаралы аудандық филиалында еңбек еткен. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Қарқаралы аудандық филиалының директоры қызметін атқарды.

Аудан үшін аса маңызды ауыл шаруашылығы мен Мансап орталығының жаңа басшылары өңірдің әл-ауқатын ілгерілетуге жаңа қарқын қосады деп сенеміз. 

Болатбек ӘШІМҰЛЫ,

Қарқаралы ауданы

СУРЕТТЕ: Қарқаралы ауданының әкімі Ә. Арғынов жаңа орынбасары Б.Тоқмурзинді құттықтады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button