АймақҚарқаралы

Қарқаралыда сенбілікке 1 500 адам қатысты

Қарқаралы ауданында «Таза Қазақстан» акциясы қарқынды басталды. Республикалық жаппайсенбілікке 210 мекемеден 1 500 адам қатысты. Тазалық жұмыстарына 33 техника жұмылдырылып, 640 тонна қоқыс шығарылды. 2447 аула қамтылып, 125 га жер тазартылды. Одан бөлек, 14 заңсыз төгілген қоқыс үйіндісі жойылды. Акцияның «Киелі мекен» апталығында қала басындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің айналасы да тазартылып, қоқыс қалдықтары шығарылды.

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы Аян Кизкин сенбілікке қала тұрғындарымен қатар жастардың да белсенділік танытқанын айтады.

– Өткен сенбілікте тұрғындармен бірлесе қала сыртын, аулаларды қоқыстан тазарттық. «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлерімен бірігіп, Республикалық маңызы бар «Қарағанды-Қарқаралы» тас жолының маңайын тазарттық. Жол бойында шашылған түрлі қоқыстарды жинадық. Әсіресе, жастар белсенді болды, – деді ол.

«Киелі мекен» апталығында Құнанбай қажы мешіті мен Қарқаралы тарихи-өлкетану музейі ғимараттарының маңайы қоқыстан тазартылды. Алдағы күні сенбілік Тәттімбет Қазанғапұлы кесенесінде жалғасады.

– Бұл екі ғимарат та мемлекет қорғауына алынған тарихи-мәдени ескерткіштері қатарына жатады. Бүгінгі таңда Құнанбай қажы мешітіне екі жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар биылғы жылы аяқталатын болады. Алдағы күндері осындай тазалық жұмыстары Тәттімбет Қазанғапұлы кесенесінің айналасында да жүргізілмек, – Аян Кизкин.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button