АймақҚарқаралы

Қарқаралы ауданының ветеринарлық қызметіне – жаңа көлік

Қарқаралы ауданының ветеринарлық қызметіне жеті жаңа Chevrolet cobalt автокөлігінің кілті табысталды. Жеті автокөліктің алтауы Абай, Қаршығалы, Қоянды, Егіндібұлақ, Ынталы және Шарықты ауылдық округінің ветеринариялық пунктіне, енді бірі аудандық ветеринариялық станцияға рәсімделді.

– Ауылдық ветеринариялық пункттерді автомобильдермен қамтамасыз ету – біздің ауданымыздың көпжылдық мәселелерінің бірі еді. Қазір бұл мәселе шешіле бастағандай. Бұрын мамандарда ескі «Нива» автакөлігі болған. Олар жиі бұзылып, үнемі қолайсыздық тудыратын, – дейді аудандық ветеринариялық станциясының басшысы Аян Мержақыпов.

Айымгүл Қойайдарова – Қаршығалы ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің меңгерушісі. Оның қарамағында екі фельдшер және бір санитар жұмыс істейді. Олар Көктас ауылына, Жаңа жол бөлімшесіне, Саумалкөл станциясы мен  бұдан басқа бес қыстаққа қызмет көрсетеді.

– Аумақта 3500-ге жуық ірі қара және 5300-ге жуық ұсақ мал бар. Ақпан айынан бастап қарқынды жұмыс басталды. Бұл төлдеу және жануарларды жоспарлы вакцинациялау кезеңі. Көліксіз біз ешқайда бара алмаймыз. Ескі «Нива» жиі сына беретін. Ал, қосалқы бөлшектерді ұзақ күтетінбіз. Енді көліктен ешқандай мәселе туындамайтын болды, – дейді Айымгүл Қойайдарова.

Ербол ЕРБОЛАТ,

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button