Бас тақырып

Арқа спорты – абырой биігінде

Астана қаласында  Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік деп танылған спортшыларды салтанатты марапаттау іс-шарасы өтті. Шара барысында ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар, спорт саласына елеулі үлес қосқан сала мамандары 18 аталым бойынша марапатталды.

Суреттер: дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Салтанатты жиынға Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев,  ҚР Парламентінің депутаттары, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері және биылғы әлем біріншіліктері мен халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері, спорт журналистері қатысты.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандардың қатарында қарағандылықтар да бар. Атап айтар болсақ,  «Аудандық үздік дене шынықтыру және спорт бөлімі» аталымы бойынша Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі еліміздегі ең мықты ұжым атанып, Бас жүлдені жеңіп алды.

Сонымен қатар,  VI Жазғы Спартакиаданың қорытындысы бойынша «Үздік спорттық өңір» номинациясында   Қарағанды облысы Қазақстандағы үздік үштіктің қатарына еніп, жүлдегер атанды.

Арқа спортының абыройын асқақтатқан жерлестерімізді лайықты жеңісімен құттықтап, толағай табыстар тілейміз!

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button