ҚАПЫ ҚАЛМА, ЖАС ТҮЛЕК!
Педагогикалық мамандық таңдаған түлектердің арнайы емтиханға қатысуға өтініш жазуына осы аптада ғана мүмкіндіктері бар.
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары білім алуға өтініш 3 маусымға дейін жалғасады. Ал, 4-14 шілде аралығында арнайы емтихандар ұйымдастырылады. Аталмыш емтихандар түлектің Ұлттық бірыңғай тестілеуде жинаған балына еш әсер етпейді. Мұндағы мақсат – түлектің мамандық таңдаудағы мұратын анықтау. Педагог мамандығы жайлы барлығы 40 сұрақ қойылады. Сонымен қатар, абитуриент берілген педагогикалық жағдаятқа байланысты шешім таба білуі шарт.
Бұл – педагог мамандығының маңызын арттырып, қадірін көтеруге бағытталған шаралардың бірі.