Жаңалықтар

Апатты кіреберіс жөнделеді

Жезқазған қаласының Алашахан көшесіндегі №33 үй 1966 жылы тұрғызылған. Панельді тұрғын үй типіне жатады. Коммуналдық қызмет көрсетілуі бойынша «Босаға» ПИК-не қарасты. Жалпы ауданы – 5525,7 шаршы метр. Оның үшінде тұруға жарамды ауданы – 2985,8 шаршы метр. Бес қабатты үйде 90 пәтер бар. Кіреберіс саны – 6.

«Жаңа-құрылыс» ЖШС мамандандырылған ұйымының 2016 жылдың қараша айындағы сараптамасының қорытындысы бойынша, аталмыш үйдің бірінші кіреберісі апатты деп танылды.

Қазіргі таңда бірінші кіреберістің әрі қарай бұзылуы тоқтатылды. Ішкі бөлігіне арматураны қолдану арқылы бетонды құрылыс жұмыстары жүргізілді және сыртқы бөлігіне швеллер қойылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында осы үйге қатысты жарияланған фотосуреттер уақытша конструкция ғана болып табылады. Үйдің іргетасы нығайтылған соң, бұл тіреулер алынып тасталады.

«Жаңа-құрылыс» ЖШС-нің сарапшылар тобы үйді толық тексеріп шығып, тұрғындар өмірі үшін қауіпсіз деп таныды. №1 апатты кіреберісте 15 пәтер бар. Олар тұрғындардың жекеменшік иелігінде.

«Босаға» ПИК тапсырысы бойынша «Жаңа-құрылыс» ЖШС 3 млн. 200 мың теңгенің сметалық есебін шығарды.

Алашахан көшесінің бойындағы №33 тұрғын үй «Босаға» ПИК балансында тұрғандықтан, жөндеу жұмыстарына бюджет қорынан қаражат қарастыру мүмкін емес. Алайда, апатты кіреберісті жөндеуге қажет қаражат Жезқазған қаласының жергілікті атқарушы органдарының резервінен бөлінеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button