Қанішер бір отбасын қырып салған

Шымкентте бір отбасын қырып салған күдіктінің ісі сотқа жетті. 50 жастағы әйел мен оның қос ұлын өлтірді делінген азаматқа «кісі өлтіру» және «қарақшылық» баптарымен айып тағылды. Айта кетсек, жантүршігерлік  оқиға биыл ақпан айының басында болған еді. Ал, қылмысқа компьютер ойыны себеп болыпты. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

26 жастағы Олег Власкинге оның қолынан өлген 22 жастағы азамат  ойыннан ұтылып, 250 мың теңгеге қарыз боп қалыпты. Алайда ол берешегін қайтармайтынын айтқан. Кек сақтаған Власкин қалай да ақшасын алмақ оймен қылмысын алдын-ала жоспарлайды. Жымысқы жоспармен ақпанның 8-і күні танысының үйіне барған кезде, есікті 13 жасар інісі ашқан. Оны қолына түскен ауыр мүсіншемен сұлатып салыпты. Жеткіншекті өлтірген соң артынша жеткен анасы мен ағасын да жайратқан. Сөйтіп үйдегі тұрған компьютерді, екі қалта телефоны мен 50 мың теңгені алып із суытқан. Екі күннен соң полицейлер оны Тараз қаласынан ұстады. 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.