Жаңалықтар

Андрей Лаврентьев Астанада дауыс берді

Астанада ірі кәсіпкер, Allur және Qarmet акционері Андрей Лаврентьев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты. Ол дауысын елордадағы Ұлттық опера және балет театрында орналасқан сайлау учаскесінде берді.

Сурет Ulysmedia.kz

Кәсіпкердің айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың елдің болашағына өз үлесін қосып, Қазақстанның одан әрі дамуына қолдау білдіруінің маңызды мүмкіндігі.

«Бүгін біз әділетті Қазақстан, тең мүмкіндікке ие ел, мықты экономика және сенімді болашақ үшін дауыс беріп жатырмыз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, сайлаудан кейін елімізді ауқымды құрылыс алаңына айналдыру бағытында үлкен жұмыс атқаруымыз керек. Бұл іске әрқайсымыз, соның ішінде біз бен біздің кәсіпорындар да өз үлесімізді қосамыз», – деді Андрей Лаврентьев.

Лаврентьевке тиесілі компаниялар металлургия саласын, автомобиль болатына арналған өндірісті дамытуға, машина жасау мамандарын даярлауға және Qarmet кәсіпорнының өндірістік қуатын арттыруға бағытталған жобаларды жүзеге асырып келеді.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button