Қарағанды

Аналарға мың алғыс

  №95 мектеп-гимназиясының мектепалды даярлық тобы 8 наурыз аналар мерекесін «Шалқан» ертегісімен бастады. Мұғалімдер әжелерді мерекемен құттықтады. Бүлдіршіндерге аналар мерекесінің мәнін ұғындырып, баланың анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруды көздеді. Оқушыларды аналардың еңбегін бағалай, құрметтей білуге үйретті.

«Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп, әсем әнді аналардың, әжелердің құрметіне арнады. Бүлдіршіндер аналарды көңілді ән-күй ырғағына салып алғашқы көктем мерекесімен құттықтап, «Әлемдегі ең асыл жан, ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Бала тілі шыққаннан-ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры» деп алғыстарын айтты. Қол ұстасып, әуендетті.

«Бүгін наурыздың сегізі, Сұлулықтың негізі. Әдемі сөз адамның, Анаға айтар лебізі» деп аналарға сыйлықтар таратты.

Айжан КҮРЖІКЕН,

№95 мектептің даярлық тобының мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button