Анаға құрмет
Бүгінгі сәби – егемен еліміздің ертеңі, жарқын болашағы. Ұлтымыздың демографиялық ахуалын жақсартудағы үлесі орасан алтын құрсақты аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. Жақында Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов абзал аналарды қабылдады.
Аудан әкімі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес, Темірші ауылының тұрғыны Гүлжазира Искаковаға, Жамбыл ауылының тұрғыны Сәуле Омароваға және Қасым ауылының тұрғыны Айжан Сыздықбековаға «Күміс алқаны» табыстады. Шара барысында, аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Бану Мұқашева қазағымыздың санын көбейтіп, оларға саналы тәрбие беретін аналар қатары көбейе берсін деген ізгі тілегін жеткізді. Аяулы аналарға көрсетілген құрметке Темірші ауылдық округінің әкімі Серік Ильяшев те разы екендігін жеткізді.
Сағыныш ӘБІЛОВА
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.