Спорт

Қамшыбек Қоңқабаев өзбек боксшысымен неге шықпады?

Қазақстан бокс федерациясы Қамшыбек Қоңқабаевтың Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан «Странджа» турнирінде 1/8 финалда өзбекстандық Баходиром Жалоловпен кездесуге неге шықпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткеніндей, Қамшыбек Қоңқабаев қолындағы жарақатына байланысты рингке шықпады.

– Сонымен қатар, жаттықтырушылар штабының айтуынша, ауыр салмақтағы спортшымыздың жаттығу мен жарыс процесіне толық қатысуға уақыты тым аз болды. Алда маңызды жарыстар – Ташкентте өтетін әлем чемпионаты мен Ханчжоудағы Азия ойындары күтіп тұрғандықтан, Қамшыбек қалпына келіп, ең алдымен денсаулығын ойлауы қажет, – делінген арнайы мәлімдемеде.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button