Спорт

Қамшыбек Қоңқабаев жекпе-жектен бас тартты

Болгария астанасында өтіп жатқан Старндажа кубогінде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жектен бас тартты, деп хабарлайды Оrtalyq.kz halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап.

 

92 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев турнирдің ширек финалында өзбекстандық Баходир Джалоловпен жұдырықтасуы керек еді. Алайда, отандасымыз  бұл жекпе-жектен бас тартқан. Әзірге жекпе-жектен бас тарту себебі белгісіз.  Осылайша өзбекстандық боксшы автоматты түрде жартылай финалға өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы сапынан рингке бірінші болып шыққан 57 келі салмақ дәрежесіндегі Оразбек Асылкұлов 1/8 финалда бразилиялық Луис Оливейрамен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button