Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жылСаран

Алып орындықты фотоаумақ

Саран қаласының жаңа саябағында фотоаумақ құрылды. Онда биіктігі 4 және ұзындығы 7 метр болатын орындық орнатылды. Ол ағаштан және металдан жасалған. Оған тек баспалдақпен көтерілуге болады. Бұл туралы Саран қаласы әкімдігі хабарлады.

«Жастар қала әкіміне бос уақыттарын өткізетін және суретке түсуге арналған креативті орын ұйымдастыруды өтініп, бірнеше рет жүгінді. Кей тұрғындар идеяларын әлеуметтік желілерде ұсынды. Біз олардың тілектерін қабыл алып, саябаққа ерекше орындық орнаттық. Тұрғындар оған ұқыптылықпен қарайды деп үміттенеміз», – деді Саран әкімдігінде.

Сонымен қатар, осында алау жағуға арналған орын бар. Саябақтың жанында көгалдандыру жұмыстары басталып, елуге жуық көшет отырғызылыпты. Мұндағы игі істің баршасы бюджеттік емес қаражат есебінен жүзеге асқан.

Өз тілшімізден.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button